Білім беру ұйымы туралы жалпы сипаттама
Білім беру ұйымының толық атауы: «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 4 ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Құрылтайшысы: Жетісу облысының әкімдігі
Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы: Жетісу облысы білім басқармасы
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Самал 5 ш/а
Телефон: 8(72-82) 25-69-06
Мекеменің құрылған жылы: 1979 жыл
Жобалық қуаттылығы: 280 бала
Ұйымның жұмыс тәртібі: Жұмыс күні: 5 күн
Жұмыс уақыты: 07.45. - 18.15. дейін
Балалардың балабақшада болу ұзақтығы: 10,5 сағат
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі, мерекелік күндер
Материалдық техникалық база: Ойыншықтар, дидактикалық баспа материалдар.
Ғимараттың пайдалануға берілгені: 2005жыл; типтік ғимарат, 2 қабатты, темір-бетонды, кірпішті; жылу, ыстық және суық су, канализация, электржабдықтауы –орталықтандырылған.
Жалпы ауданы: 2075,8 кв.м
БСН: 051040005339 2013ж.10.07.
Ұйым басшысы: Кадирова Перизат Мусагалиевна
Жалпы жұмыс өтілі: 36 жыл, осы мекемеде 1 жыл, лауазымда 26 жыл
Оқыту тілі: қазақ, орыс тілдерінде
Балабақшадағы топ саны – 12
Электрондық поштасы:
Instagram: yasli_sad4
Тізім бойынша 280 бала тәрбиеленуде. Әр топ балалардың жас ерекшелігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығын негізге алып топтастырылған.
Көрсетілген құжаттарды талдай және зерттей отырып, сыртқы байқау арқылы балабақша қызметін бақылау төмендегідей жағдайды көрсетті: ясли-бақшаның оқу – тәрбие объектілері санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, ғимарат 2 қабаттан тұрады, барлық периметр бойынша қоршалған.
«Бастау-Секьюрити» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен келісім шарт бойынша күндізгі арнайы күзет қызмет етеді.
Ғимаратта 10 шығу\кіру есіктері бар.
Орталық кіреберіс пандуспен жабдықталған.
Төтенше жағдайларға байланысты әр топтың тікелей далаға шығатын есіктері бар. Балабақшаның коммуналдық қызметтері келісімшарт бойынша жүргізіліп тұрады. Жылу жүйесі – орталықтандырылған, су құбыры қалалық «Жетісу су құбыры», энергиямен жабдықтаушы «Жетісу Энерготрейд» ЖШС, интернет жүйесі «Казтелеком» АҚ ұйымдарымен келісім шартқа отырған.





